Архив событий

04/07/2018

Жоғарғы Сотта соттық білім беруді жетілдіру мәселелерін талқылады

04/07/2018

Соттық білім беру бойынша өткен Үйлестіру кеңесі отырысының қатысушылары облыстық және оған теңестірілген соттар оқу орталықтарының жұмысын жетілдіру мәселелерін қарастырды.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы, Үйлестіру кеңесінің төрағасы Абай Рахметулин, Жоғарғы Соттың судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Ұлбосын Сүлейменова, Жоғарғы Соттың судьялары Ғазиза Мұсабекова мен Нұржан Жолдасбеков, Судьялар одағы орталық кеңесінің хатшысы Жазбек Әбдиев қатысты.

Көкшетауда еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу бойынша тұрғындарға қызметтер кешенін көрсетуге арналған Татуласу орталығы ашылды

04/07/2018

Көкшетаудың Кәсіподақтық орталығының ғимаратындағы Орталықтың салтанатты ашылу рәсімін Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров және Кәсіподақтық орталықтың төрағасы Қали Ахметов өткізді.

Іс-шараға еңбек бойынша инспекцияның, Кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақтық ұйымдардың өкілдері, адвокаттар және медиаторлар қатысты.