Ж.Асанов АХҚО Сотының судьяларымен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Сотының төрағасы Лорд Гарри Вульфпен және АХҚО сотының судьяларымен кездесті. Іс-шараға Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, және де жоғары сот органының судьялары қатысты.

Кездесу алдында қонақтар Жоғарғы Сот Жобалық кеңсесінің қызметімен танысты.

Әңгімелесу алдында Ж.Асанов қонақтарды АХҚО-ның ресми ашылуымен құттықтап, оларға жұмыста табыс тіледі. «Біздің ортақ күшіміздің арқасында еуразиялық аймаққа бүкіл әлемнен инвесторларды тартатын негізгі орталық және Еуразияның жаңа қаржылық инфрақұрылымының басты элементі болуы тиісті АХҚО-ға Қазақстан үлкен үміт артып отыр»,- деді ол.

Қонақтар «Сот жүйесі 7 түйінінің» аясында сот жүйесін жаңғырту бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабардар етілді. Бұл жұмыстың басты мақсаты – халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету»,- деп атап айтты Жоғарғы Соттың Төрағасы.

Өз кезегінде Лорд Гарри Кэннет Вульф, Жобалық кеңсе мен қазақстандық сот сүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістерге таңданғанын атап өтті. АХҚО мен оның жанынан Соттың ашылуын Қазақстан үшін маңызды күн деп атады.

Өздерін таныстыра келе, қонақтар АХҚО-ның сотында атқарылатын жұмыстан көп нәрсе күтетіндерін жеткізді.

Вульф мырза а.ж. қазан айында өтетін заңгерлік жылдың дәстүрлі айтулы ашылу салтанатына қатысуға өзінің шақыруы туралы Ж.Асановтың есіне салды.

Қорытындысында кездесудің қатысушылары құрылымдық және өзара пайдалы диалогты жалғастырудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы екі жақты пікірлерімен бөлісті.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі