Өскеменде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды қолданудың өзекті мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды қолдану барысындағы өзекті  мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Оның жұмысына  облыстық және экономикалық соттардың судьялары,  прокуратура, Мемлекеттік аудит департаментінің, Мемлекеттік сатып алу басқармасының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша келе Д.Әбдіғалиев, мемлекеттік сатып алу туралы заңды қолдануды, қалыптасқан сот тәжірибесін талқылау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар құру осы іс-шараның мақсаты болып табылатындығын атап өтті.

Белсенді талқылаудағы негізгі мәселе, облыстық соттың судьясы Жанат Иманбаеваның: «Мемлекеттік сатып алулар бойынша істерді қарау кезінде құқық қолдану практикасында туындайтын проблемалар», мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Алмас Салимовтың «Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану» тақырыптарындағы баяндамаларында айтылған сұрақтар болды. 

Сонымен қатар, Мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Жәния Жұмжұменова «Мемлекеттік сатып алу туралы істер бойынша сот практикасының күрделі мәселелері» тақырыбында және облыстық аурухананың мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Гүлмира Оразбаева «Мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттардың орындалуы» тақырыбында баяндама оқыды.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, проблемалық мәселелерді шешу бойынша тиісті ұсынымдар жасау туралы шешім қабылдады.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі