Өскеменде судьялар мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы материалдарды қарау барысында медиацияны қолдану мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының м.а. Қайрат Шақпантаев «Мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жазаны неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы материалдарды қарау барысында медиацияны қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Талқылау медиация институтын қолдану аясын кеңейту, осы мәселені құқықтық реттеу үшін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар, прокуратура, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өкілдері қатысты.

Қ.Шақпантаев «Сот жүйесінің 7 түйіні» жобасында негізгі міндеттердің бірі татуластыру рәсімдерін одан әрі дамыту екенін атап өтті. Ол: «Медиация туралы» Заңның қолданылуын сотталғандардың жазасын өтеуге байланысты мәселелерге де тарату қажеттігін жеткізді. «Медиаторларды тарту арқылы қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтірілген залал өтемақысын өтеу туралы мәселелерді соттан тыс ретеу үшін барлық шараларды қолдана отырып, қоғамдағы жанжалдасу деңгейін төмендетуге, түрмедегі адамдар санын қысқартуға бағытталған Елбасының құқықтық реформаларын іске асырамыз», - деді.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Кәкен Сейітов атап өткендей, мерзімінен бұрын босатудың және жазаны алмастырудың негізгі шарттарының бірі қылмыс арқылы келтірілген зиян үшін өтемақы болып табылады, демек бұл мәселеде тараптардың оңтайлы шешімі үшін медиаторлар жәбірленушілердің мүліктік талаптарын шешудегі аса маңызды рөл атқара алады. Бұл мәселе аймақтың медиаторларымен бірнеше рет қозғалған.

Талқылауды қорытындылай келе, оған қатысушылар Қылмыстық, Қылмыстық процестік кодекске және «Медиация туралы» Заңға толықтырулар енгізу бойынша ұсынымдар әзірледі. Алдағы уақытта кәсіби және кәсіби емес медиаторларды тарту ақылы медиация институтын дамыту бойынша меморандум жасау туралы келісімге қол жеткізілді.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі