Архив событий

26/04/2018

Жоғарғы Соттың Төрағасы ЭЫДҰ сарапшыларымен кездесті

26/04/2018

Жақып Асанов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге жоғары сот органының тарапынан мамандандырылған алқаның төрағасы Айгүл Қыдырбаева, судья Денис Шипп, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Басшысының Орынбасары Аслан Түкиев қатысты.

Сот астана қалалық су арнасын тұтынушысымен татуластырды

26/04/2018

Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық мекемесі сумен жабдықтауды есепке алу құралын мәжбүрлі орнату туралы тұтынушыға қатысты сотқа жүгінді.

Жауапкер жария және үлгілі шарттар негізінде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін пайдаланады. Заңнаманы бұза отырып, жауапкер есепке алу құралын орнату бойынша өз міндеттемесін орындамаған, сондай-ақ оны орнатудан мүлдем бас тартқан.

Сот марихуана сатты деп айыпталған Өскемен тұрғынын ақтады

26/04/2018

Өскемен қаласының № 2 сотында бұрын соталмаған қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық қудалау органы Руслан Рутковскийді 171,2374 грамм марихуананы сату мақсатында заңсыз иемденіп сақтағаны үшін және ірі мөлшерде есірткі заттарын сатудың екі эпизоды бойынша айыптады.

Қызылорда облысы соттарындағы Құқықтық көмек көрсету орталықтары өз нәтижесін беруде

26/04/2018

Қызылорда облысы соттарындағы Құқықтық көмек көрсету орталықтары дауласқан тараптар арасында татуластыру рәсімдерін қолданып, дауды оңтайлы шешуде  өз көмегін тигізіп келеді.    

Мұнда адвокаттар, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының өкілдері мен медиатор күн сайын ақысыз негізде азаматтарға көмек көрсетіп отыр.  Ағымдағы жылдың ақпан айында ашылған орталыққа барлығы 1820 азамат жүгінсе, оның 753–і адвокаттарға, 683-і медиаторларға, ал 374-і ХҚО өкілдеріне жүгіну арқылы өз дауларының оңтайлы шешімін тапқан.

Павлодарда төрт миллион теңгені өндіріп алу туралы дау сот медиациясы тәртібінде реттелді

26/04/2018

Ақсу қалалық соты Ф.-тың О.-ға 4 055 240 теңге мен сот шығындарын өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырды.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің апелляциялық шағымы бойынша істі қарап, тараптардың медиация тәртібінде дауды (жанжалды) реттеу туралы келісіммен істі аяқтауға процестік құқығын түсіндіріп өтті. Тараптар ойланып, сот медиациясын жүргізуге ниет білдірді.