Архив событий

28/04/2018

Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы сот қызметтерін жетілдірудің басты бағыттары бойынша ұсыныстарды қарады

28/04/2018

Ағымдағы жылғы қаңтар айында сот төрелігін іске асыру мәселелеріне қатысты ұсыныстарды жинау мен талдау жөніндегі жұмыстар басталды. Осы мақсаттар үшін жеті жұмыс тобы құрылды. Судьялардың, адвокаттардың және топ мүшелерінің ұсыныстары негізінде сот қызметтерін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар кешені әзірленді.

Топтар өз жұмысында жобалық менеджменттің базалық қағидаттарын пайдаланды. Осы саладағы тәуелсіз мамандар оларға сараптамалық қолдау көрсетті.

Астанада мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау бойынша сот практикасын талқылады

28/04/2018

Астана қаласының соты мен «Атамекен» ұлттық палатасы «Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасын іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау жөніндегі сот практикасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Павлодарда медиациялық келісімді жасау талап қоюшыға жарты миллион теңгеден астам мемлекеттік бажды қайтаруға мүмкіндік берді

28/04/2018

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС «Завод Format» ЖШС-не 22 810 840 теңге берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот талқылауы барысында судья дауды татуластыру рәсімін қолдану арқылы шешу мүмкіндігін түсіндірді. Нәтижесінде, тараптар оның артықшылығын түсініп, сот медиациясы тәртібінде дауды реттеу туралы келісімге келу туралы өз пікірлерін білдірді.

Орал қаласында апелляциялық сатыдағы сот тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі медиация тәртібімен тоқтатты

28/04/2018

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ұрлық және ұсақ жымқыру үшін Орал қалалық сотының үкімімен сотталған 20 жасар балаға қатысты қылмыстық істі медиация тәртібімен тоқтатты.

Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы дүкендерге, дүңгіршектер мен дәріханаға заңсыз кіріп, сондағы кассалардан ақша және материалдық құндылықтарды ұрлап, жәбірленушілерге 300 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.

Маңғыстау облыстық соты мен өңірлік кәсіподақ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

28/04/2018

Маңғыстау облысының судьялары мен кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Маңғыстау облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушы Нұрсапа Примашев және өңірлік кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жаңабеков өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Н.Примашев атап өткендей, меморандум қоғамда еңбек дауларын сотқа дейін, сотта бітімгерлік рәсім арқылы шешудің жолын қалыптастыру, азаматтарға кешенді қызмет көрсету үшін Маңғыстау облысында Татуластыру орталығын құру  мақсатында жасақталды.

Астана қаласының соты татуластырушы судьялар үшін семинарлар өткізді

28/04/2018

Астана қаласының соты татуластырушы судьялар үшін «Азаматтық істер бойынша медиацияны жүргізу техникасы» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Әсия Қасенова, Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі, медиация саласындағы ұлттық сарапшы Балгүл Райсова, «Медиацияны дамыту орталығы» ӨҚБ кәсіби медиаторы Жанна Іңкәрбекова, сондай-ақ Астана қаласының судьялары қатысты.