Архив событий

24/04/2018

Жоғарғы Сот Төрағасы Ұлыбританияның Әділет министрлігінің тұрақты хатшысы Р.Хитонмен кездесті

24/04/2018

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Ұлыбританияның Әділет министрлігінің тұрақты хатшысы Р.Хитон мырзамен кездесті.

Кездесуге Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Майк Гиффорд, Қазақстан жоғары сот органының судьясы Мадияр Балкен және Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары Ербол Өмірәлиев қатысты.

Кездесу барысында меймандар сот төрелігіне сенімді арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстың барысы туралы хабардар болды.

АХҚО сотының судьясы Қазақстан судьяларына дәріс оқыды

24/04/2018

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов пен АХҚО сотының төрағасы Лорд Гарри Кэннэт Вульф қазақстандық судьяларға арналған алғашқы дәріске қатысты.

Іс-шараға АХҚО халықаралық арбитраж орталығының төрағасы Барбара Доуманн, АХҚО сотының және Халықаралық арбитраж орталығының тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт, сондай-ақ республика жоғары сот органының азаматтық істер және мамандандырылған сот алқаларының судьялары қатысты.

Жоғарғы Сот Төрағасы АХҚО сотының төрағасы Л.Вульфпен кездесті

24/04/2018

Кездесуге Астана Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының төрағасы Барбара Доуманн, АХҚО сотының судьясы Сэр Битсон, АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығының тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт қатысты.

Кездесу Қазақстан жоғары сот органының судьяларына АХҚО соты судьяларының дәрістер курсының басталуына орай өткізілді. 

Елордада сот астаналық парк басшылығы мен оның жұмысшысын татуластырды

24/04/2018

Астана тұрғыны автобус жүргізушісі ретінде жасалған шарттың негізінде автопаркпен еңбек қатынастарында болған. Онымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт, материалдық құндылықтарды қабылдау және тапсыру актісі жасалған.

Украина Әділет министрінің орынбасары қазақстандық соттардың электронды сот төрелігінің деңгейіне жоғары баға берді

24/04/2018

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов Украина Әділет министрінің еуропалық интеграция мәселелері жөніндегі орынбасары Сергей Петуховпен кездесті.

Тараптар кездесу барысында 1993 жылы қабылданған Құқықтық көмек, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы конвенция шеңберіндегі ынтымақтастықтың, осы салада тәжірибе, сондай-ақ әділет және құқықтық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ақпарат алмасудың келешегін талқылады.

Алматыда Алматы қалалық сотының бұрынғы төрағасы Ақжан Ештайды еске алуға арналған футбол турнирі өтті

24/04/2018

Алматы қалалық соты қалалық судьялар мен сот қызметкерлері арасында футбол турнирін өткізді.

Байқауға қалалық және аудандық соттардың судьяларынан, сондай-ақ Алматы қаласының аудандық және қалалық соттарынан тұратын төрт топ қатысты.

Өскеменде «Түнгі сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

24/04/2018

Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасын енгізу және жүзеге асыруге арналған кездесу өткізді.

Кездесуге облыстық сот төрағасының м.а. Қайрат Шақпантаев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, облыстық, қалалық және аудандық соттардың судьялары,   прокуратура, ішкі істер органдарының, адвокаттар алқасының, сақтандыру компанияларының, медиация орталықтарының өкілдері қатысты.