Архив событий

05/04/2018

Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асанов ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасындағы Өкілі Ю.Оксамитныймен кездесті

05/04/2018

Кездесу барысында тараптар «Балаларға арналған сот төрелігін нығайту және олардың құқықтарын қорғау» бағдарламасын іске асыру қорытындыларын талқылады. 

2014 жылдың маусымында басталған бағдарламаны Қазақстанда БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асыруда. Оның мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес балаларға мейірімді сот төрелігін құруға қолдау көрсету, заң бұзған, жәбір көрген, қылмыстың куәсі болған балалар үшін сот төрелігінің тиімді жүйесін дамыту.

Астана және Алматы қалаларында «Түнгі сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

05/04/2018

Астана қалалық сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасының шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді кешкі уақытта қарау мүмкіндігін талқылау бойынша«дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға судьялар, құқық құрғау органдарының, адвокатура мен прокуратура органдарының өкілдері қатысты.   

ЮНИСЕФ, «Сыр Ұландары» қоғамдық бірлестігінің және БАҚ өкілдері Қызылорданың ювеналдық сотында болды

05/04/2018

Медиа-турдың мақсаты – өңірде балаларға қатысты мейірімді сот төрелігін дамыту бойынша жүзеге асып жатқан ЮНИСЕФ ұйымының пилоттық жобалары туралы жұртшылықты ақпараттандыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алды алу. 

Жамбыл облыстық соты мен Кәсіподақ орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

05/04/2018

Меморандумға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков және Өңірлік кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген қол қойды.

Меморандум жанжалды және дауласушылық деңгейін азайту мақсатында тараптар үшін қолайлы құқықтық орта құру үшін сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды реттеуге бағытталған өзара белсенді іс-қимыл енгізуге бағытталған.