Жамбыл облыстық соты мен Кәсіподақ орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Меморандумға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков және Өңірлік кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген қол қойды.

Меморандум жанжалды және дауласушылық деңгейін азайту мақсатында тараптар үшін қолайлы құқықтық орта құру үшін сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды реттеуге бағытталған өзара белсенді іс-қимыл енгізуге бағытталған.

Кездесуде Жомарт Рүстембеков меморандумды жүзеге асыру бітімгершілік рәсімдер арқылы қақтығыстар мен еңбек және басқа да дауларды шешу үшін халықтың іс-мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған және бірлескен әрекеттерді қабылдауды көздейді деп атап өтті. Көрсетілген мақсаттарда даулар мен жанжалдарды реттеу бойынша тұрғындарға қызметтер кешенін көрсету үшін Жамбыл облысының Кәсіподақ орталығында татуласу орталығы ашылатындығы аталып өтілді.

Кездесу соңында тараптар меморандум аясында тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, алдағы мақсат-міндеттерін жүзеге асыру үшін табыс тіледі.

 

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі