Жамбыл облысының нотариаттық палатасы алты жақты Меморандумға қосылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысының  Нотариаттық палатасы алдында облыстық сот, облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы, "Нұр Отан" партиясының өңірлік филиалдарының, облыстық адвокаттар алқасының, "Бітімгер" медиация және құқық орталығының және "Атамекен" ӨКП өкілдері бекіткен бітімгершілік рәсімдерді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қосылды.

Құжаттың негізгі мақсаты – дауларды сотқа дейін және сотсыз реттеу институттарын табысты енгізу мен татуластыру рәсімдерін дамыту болып табылады.

Нотариаттық палатаның төрағасы Ләтипа Сырғабаевамен кездесу барысында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков  өзара қолдау көрсету, тәжірибе алмасу, құқықтық даулар мен талас-тартыстарды шешудің баламалы тәсілдерінің артықшылықтарын насихаттау және белсенді түсіндіру жұмыстары, оның ішінде медиация мен партисипативтік рәсімдерді, сондай-ақ атқару жазбасы институтын дамыту оң нәтижелер беретіндігін атап өтті. Ол медицияның  кеңінен қолданылуы тараптардың арасында тұрақты қатынастарды сақтауға, қоғамдағы дау-дамайлардың деңгейін төмендетуге, толеранттылық және келіссөздер жүргізу мәдениеті сияқты адамның қарым-қатынасына байланысты негізгі қағидаларды қалыптастыруға ықпал ететіндігіне тоқталды.

Ләтипа Сырғабаева облыстық соттың бастамасын қолдап, Меморандум тараптарының бітімгершілік рәсімдерді қолдануының артықшылықтарын, сондай-ақ кешенді жұмыстар барысында қол жеткізілетін нәтижелерді бағалады.  Бірлесіп атқарылатын жұмыстың нәтижесінде  нотариустың осы атқару жазбасы институты танымалдыққа ие болып, одан әрі ілгерілейтіндігін атап өтті.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі