Таразда татуласу рәсімі бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Таразда облыстық соттың бастамасымен татуластыру рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға Жамбыл облыстық филиалы Судьялар одағының төрағасы Тахмина Сұлтанова, Тараз қаласы прокурорының орынбасары Қайыржан Қуатбеков, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Рано Убайдуллаева, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қиын өмірлік жағдайға түскендердің дағдарыс орталығының директоры Жамал Қалыбекова, Жамбыл облысы білім басқармасының Облыстық жастар үйінің директоры Гүлнәр Түрежанова және «Паритет» медиация және құқық орталығының директоры Кенжеш Данабаева қол қойды.

Меморандумға қол қоярдың алдында Жамбыл облыстық сотының судьясы Ардақ Әкетаев бүгінгі таңда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері өзекті болып тұрғандығын айтты. Зорлықтың әр түрлі түрі бар және шешудің түрлі жолдарын талап етеді. Әйелдерге қарсы зорлық жалпы адамзатқа зорлықтың бір бөлігі болып табылады және оның салдары қоғамға да әсер етеді. Татуластыру рәсімдері, осындай жағдайларда медиация ұзақ уақыт бойына өткізілетіндігімен тартымды, сонымен бірге оның өткізілу процесінде медиатор, отбасында кінәләнған тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттеріне назар аудара алады, өзін-өзі шын бағалауды есіне түсіре алады, өзінің жүріс-тұрысын өзгертуіне бағыттай алады және тараптардың татуласуына ғана емес, отбасын сақтап қалуға да ықпал ете алады.

Осы іс-шараға қатысушылар өздерінің құзыретті шегінде татуластыру рәсімдерін кең көлемде қолдану сұрақтары бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру қажеттігі жөнінде пікірге келді.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі