115 миллион теңгенің корпоративтік дауы татуласу арқылы реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ЖШС 115 248 460 теңгені, оның ішінде 20 144 460 теңге тұрақсыздық айыбын және 3 457 454 теңге мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы жауапкерге талап қойып, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сот талқылауы барысында корпоративтік даудың қатысушылары дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

Келісімнің шарттары бойынша талап қоюшы өзінің қойған талаптарынан бас тартты, ал жауапкер жылыжай тіркелгеннен кейін оны ағымдағы жылдың сәуір айына дейін ЖШС-нің жарғылық капиталына енгізуге міндеттенді. Талап қоюшы жылжымайтын мүлікті жауапкер қайта тіркеген сәттен бастап құрылтайшылық құжаттар бойынша оған ешқандай талап қоймайтын болады. Демек жауапкер барлық міндеттемелерді тиісінше орындады деп есептелінетін болды.

Талап қоюшыға 3 457 454 теңге мемлекеттік баж кері қайтарылып берілді.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
пресс-служба Жамбылского областного суда