Татуластыру рәсімдерінің артықшылықтарын мойындай отырып

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жеке кәсіпкер 10 миллион теңге берешекті, сондай-ақ тұрақсыздық айыбы мен өкілдік қызметтер бойынша шығындарды өндіріп алу туралы    АҚ-ға талап қойып, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді. Кәсіпкер жауапкердің өз мойнына алған шарттық міндеттемелерді тиісті түрде орындамағанын қойған талабына дәлел ретінде келтірді.

Қалыптасқан практика бойынша тараптармен әңгімелесу барысында судья жанжалдасушы бизнес-серіктестерге медиацияның артықшылықтарын түсіндірді. Тараптар осы ұсынысқа түсіністікпен қарады. Содан кейін барып олар туындаған жағдайды шешудің ең қолайлы әдісін таңдап алды. Осының нәтижесінде тараптар медиативтік келісімге келді. Оның шарттары бойынша талап қоюшы қойған талаптарынан бас тартты, ал жауапкер берешекті және өкілдік шығындарды өтеуге міндеттенді.

Татуласу әрбір тарапқа басы артық ақшалай шығын шығармауға, сотта істі қарау кезінде әуре-сарсаңға түспеуге мүмкіндік береді. Талап қоюшыға сомасы 108 664 теңге мемлекеттік баж қайтарылып берілді, ал жауапкер       722 260 теңге тұрақсыздық айыбын төлемейтін болды.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Жамбыл облысының баспасөз қызметі.