Архив событий

13/04/2018

Соттан тыс және сотта татуласу бойынша Жоғарғы Соттың жобасы өз нәтижесін беруде

13/04/2018

2018 жылдан бастап Жоғарғы Сот соттан тыс және сотта татуласу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Жобаны іске асыру шеңберінде Жоғарғы Сот пен Кәсіподақтар Федерациясының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қызылорда және Ақтөбе облыстарында соттан тыс татуласу орталықтары ашылды. Мұнда медиаторлар, психологтар, шиеленістанушылар мен басқа да мамандар жұмыс істейді.  

Сот ШҚО тұрғынын қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығына байланысты ақтады

13/04/2018

Өскемен қаласының №2 соты Шығыс Қазақстан облысының Белоусовка ауылының 27 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Алдын ала тергеу органы М.-ны сату мақсатынсыз есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін айыптаған.

Аталған қылмыстық істі қарау барысында сот қылмыстық-процестік заң нормаларының елеулі бұзушылықтарын, қылмыстық іс материалдарының бұрмалануын анықтады.