Архив событий

16/04/2018

Жоғарғы Сот МАӘС базасында түнгі соттарды құру мүмкіндігін зерделеуде

16/04/2018

«Түнгі соттарды» құрудағы негізгі идея – сотта қорғалу құқығын ыңғайлы іске асыру және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу рәсімдерін жеңілдету. Іске қатысушылар тараптардың жауаптылығына және зиянды өтеуге байланысты барлық мәселелерді қысқа уақыт ішінде шешу мүмкіндігіне ие болады. Бұған қоса, сот дауын тараптардың жұмыс кестесінен бөлек, кешкі уақытта (18.30-дан бастап 22.00-ге дейін) шешу арқылы олардың уақыты үнемделеді.

Өңірде медиацияның даму мәселесі бойынша Орал қаласында медиаторлардың облыстық форумы өтті

16/04/2018

Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Батыс Қазақстан облысындағы медиация дамуының тиімді тәсілдері» тақырыбында медиаторлардың облыстық форумы өтті.

Іс - шараны Батыс Қазақстан облыстық соты ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты - Медиаторлар одағы түріндегі үйлестіруші орталық құру. Форум жұмысын БҚО ҚХА филиалы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов жүргізді.

Атыраулық азамат медиацияның көмегімен әкелікті мойындап, алимент төлеуге міндеттенді

16/04/2018

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Атырау тұрғыны 2015-2017 жылдар аралығында азаматтық некеде тұрған ер адамға қатысты талаппен сотқа жүгінді. 2016 жылы олардың сәбиі дүниеге келген.

Баланың туу туралы куәлігінде талап қоюшы оның әкесінің тегін көрсете алмаған, өйткені жауапкер әкелікті мойындаудан бас тартып, өзін нәрестенің биологиялық әкесімін деп есептемейтінін айтқан.