Тараз бен Қызылордада соттар мен мұражайлар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық соты өңірдегі тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Тараз – ғасырлар куәсі» атты жылжымалы көрме өткізді.

Келушілер назарына тарихи этнографиялық бұйымдар, археологиялық жәдігерлер, зергерлік заттар мен Тараз қаласының суретшілері мен қолөнер шеберлерінің туындылары ұсынылды.

Көрмені судьялар мен сот қызметкерлері, облыстық әкімдіктің мәдениет және мұрағат басқармасының өкілдері тамашалады.

Осы күні, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, Судьялар одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Тахмина Сұлтанова және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және мұрағат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сара Мәдиева өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған меморандум Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген мәдени-танымдық жұмыстар мен шығармашылық саладағы ынтымақтастықты нығайту және қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында бекітілді. Келісім тараптар қол қойғаннан бастап күшіне енеді және  он жыл бойына жарамды болып табылады.

Тараптар қойған талаптарды жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

 

 

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Азамат Жұмамұратов пен Қызылорда облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мира Қазбекова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум ұлттық мұрағат қоры құжаттарын және басқа да тарихи құжаттарды жинақтау, уақытша сақтау және пайдалану мақсатында ведомстволық немесе жеке архив құру, ғылыми-техникалық, дыбыс-бейне жазу құжаттамасы, тарихи деректемелермен алмасу, сондай-ақ архив құжаттарынан көшірмелер жасауға мүмкіндік беру, құжаттардың құндылығын сараптау, ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсету, құжаттарды сақтаудың жай-күйіне аса мән беріп, архивке өткізудің заңдылығын меңгеру және ынтымақтастық аясында түрлі іс-шаралар өткізіп отыруды көздейді.

Іс-шара қатысушылары ынтымақтастықтың нәтижелі және тиімді өрбитіндігіне сенім білдірді.

Қайнар: 
Жамбылжәне Қызылорда облыстық соттардың баспасөз қызметтері