Өскеменде және Оралда жер телімдерін алуға байланысты дауларды қарау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Санкцияланбаған ғимараттарды бұзу, жер телімдерін алу, оның ішінде мемлекеттік қажеттілікке алумен байланысты дауларды қарау туралы сот практикасы» тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізілді.

"Дөңгелек үстел" жұмысына судьялар, прокуратура, Өскемен және Семей қалаларының әкімі аппаратының, «Атамекен» ҰКП-ның, жер қатынастары басқармасының өкілдері қатысты. Бейнеконференц байланысы арқылы Семей қалалық соты, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, Семей қаласының жергілікті атқарушы органдары қосылды.

Д.Әбдіғалиев шараны ұйымдастырушылардың мақсаты соттардың қолданыстағы заңнаманың талаптарымен сәйкестігін тексеру, осы санаттағы азаматтық істерді дұрыс қарауды қамтамасыз ету, ең көп тараған қателіктер мен бұзушылықтарды анықтау және оларды шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеу болып табылатынын атап өтті.

Шара барысында облыстық сотының судьясы Назым Қабдрахманова «Құқықсыз құрылысқа меншік құқығын тану, заңсыз салынған ғимараттарды бұзу» тақырыбында баяндама жасады. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Салтанат Жайлибаева мемлекеттің меншікке алынған жер учаскесін босату туралы істерді қараудың сот тәжірибесін атап өтті. Жер учаскелерін, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қоюмен байланысты дауларды қарау мәселелері талқыланды. Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ирина Николаева өз баяндамасында заңсыз салынған немесе салынған ғимаратты мәжбүрлеп бұзу түріндегі әкімшілік жазаларды қолданумен әкімшілік істерді қарау тәжірибесіне тоқталды.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар пікір алмасып, уәкілетті органдарға заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту ұсынылды. Сондай-ақ, осы санаттағы істерді қарау бойынша ұсыныстар жасалды.

 

 

Батыс Қазақстан облыстық соты заңсыз салынған құрылыс бойынша азаматтық істерді қарауда туындайтын мәселелер талқыланған «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

Іс-шараға мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Орал қалалық №2 соты судьялары, жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасыны облыстық филиалының өкілдері мен шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Қ.Адранов 2015-2017 жыл аралығындағы заңсыз құрылыстарды бұзу даулары бойынша сот тәжірибесіне талдау келтірді. Сондай-ақ,  ол соңғы үш жылға жүргізілген талдау бойынша аталған санатта қаралған істер санының өскенін көрсетіп отыр. Оған 2015 жылы - 6, 2016 жылы - 23, 2017 жылы - 30 іс қараған Орал қалалық №2 соты спикерінің келтірген статистикалық мәліметтері айғақ болады.

Алқа төрағасының сөзіне сәйкес істерді қарауда даудың туындау себебін анықтап алу қажет. Өйткені көптеген жағдайларда сотқа жүгіну тараптарға ықпал ету тәсілі ғана болып табылатындықтан, бұл бітімгершілік рәсімдерді қолдануға және сол арқылы тараптар үшін іс бойынша қолайлы болатын нақты шарттарды пайдалануға мүмкіндік береді.

МЭАС судьясы Найля Сейдахметова заңсыз салынған құрылыс даулары бойынша қаралған істерге, соның ішінде жақын күзетілетін аймақтардағы магистральды құбырларға, байланыс желісіне, радио және электр желілеріне басым көңіл бөліп тоқталып өтті.

Жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың нақты нормаларына, Жер кодексі мен «Магистральдық құбыр туралы» Заңына сүйене отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында магистральдық құбырлардан кез келген объектілерді салу құрылыс нормалары мен ережелеріне сай ең аз қашықтық шегінде ғана рұқсат етіледі.

Заңсыз құрылыстарды бұзу туралы даулы мәселелерді талқылап, «дөңгелек үстел» қатысушылары өздеріне пайдалы мәліметтер алуға мүмкіндік берген іс-шараны ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.

 

Источник: 
Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстық соттардың баспасөз қызметтері