Ақмола облысының сотында АҚ мен ЖК арасындағы кепіл бойынша дау сот медиациясы тәртібінде шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Қаржылық қолдау қоры» АҚ жеке кәсіпкерлерден кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу туралы талап қою арызымен жүгінді. Кепілге қою мүлкі – жер учаскілеріне жерді пайдалану туралы құқығы.

Дауды сотта қарау барысында тараптарға сот медиациясын қолдану ұсынылды. Нәтижесінде тараптар медиативтік келісім жасап, оның шарттары бойынша ЖК АҚ алдындағы берешек соммасын келісілген мерзімде өтеуге, ал АҚ кәсіпкерлерге кепіл мүлкіне құқық белгілеуші құжаттарын беруге міндеттелді.

Сот тараптар арасында жасалған медиативтік келісімді бекітіп, іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Талапкер мемлекеттік баж төлеуден босатылды.

Сот медиациясы кәсіпкерлерге сот талқылауына жұмсалатын уақыт пен қаражатты үнемдей отырып, беделі мен іскерлік қарым-қатынастарын сақтауғап қалуға көмектесті. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі