Петропавл қаласының №2 сотында азаматтармен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 соты Отбасы күні қарсаңында қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік және оңалту көмегін көрсету мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шараға судьялар, медиаторлар мен психологтар қатысты. Сот судьясы Лариса Кочнева Отбасы соты жобасының мақсаттары туралы айтып, оның отбасының әлеуметтік-психологиялық проблемаларын шешуге, баспана мәселесіне, жұмыспен қамтуға, әлеуметтік көмекке, психологтың кеңесіне, құжаттамаға, емделуге, қиын жағдайға тап болған балаларды оңалтуға назар аударды.

Сотқа сол күні шамамен 50 адам келді. Олардың өтініштері тұрғын үйге, әлеуметтік мәселелерге және құқықтық сипатқа қатысты болды. Келушілер өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап ала алды. Ашық есік күні аясында судьялар мен сот қызметкерлері көп балалы отбасына көмек көрсетті.

 

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі