Солтүстік Қазақстан облысының екі аудандық соттарында фронт-кеңселер ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамлют аудандық сотында және Мағжан Жұмабаев аудандық сотында фронт-кеңселерді ашты. Іс-шараларға судьялар, аудандардың әкімдері мен медиаторлар қатысты.

Мағжан Жұмабаев аудандық сотында ашылу салтанатында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдар Смағұлов сөз сөйлеп, фронт-кеңседе сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдайлар жасалды деп жауап берді.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко Мамлют аудандық сотындағы фронт-кеңсені аша отырып, оның жұмысы бірінші кезекте іс жүзінде соттың ашықтығын, медиацияны кең танымал етуге қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Фронт-кеңселер ғимараттың бірінші қабаттарында орналасқан және қажетті ұйымдастыру техникаларымен жабдықталған. Олар кіріс кеңсе, өз-өзіне қызмет көрсету және ақпараттық орталық аймақтарынан тұрады, көп бөлігін ашық кеңістік құрайтын «кедергісіз қағидат» бойынша көзге жайлы ашық түспен безендірілген.

Олардың жұмысының негізгі қағидаты – олар үшін сотта болған кезде жайлы жағдайда келушілерге барлық қажетті мәлілеметтерді жылдам және толық көлемде ұсыну.

 

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі