Сотта әйелдерді кемсітушілікке қарсы күрес бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін елордалық сотта жергілікті атқару органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының қатысуымен «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенциясы: психологиялық аспект» тақырыбында семинар- тренинг өткізілді.

Шараға Астана қаласының әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссия хатшысы Р.А.Иманғазинова, Астана қаласының «Келешек» Психологиялық орталығы» ЖШС директоры, Астана қаласының әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссияның мүшесі, ЮНИСЕФ  жанындағы балалардың құқығын қорғау бойынша үйлестіру Кеңесінің мүшесі, жоғары дәрежелі психолог Н.Н. Семененко, «Астана қаласының Қазақстан Әйелдері Ассоциация» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Г.А. Баймбетова  қатысты.

Шара модераторы ретінде сөз сөйлеген Астана қалалық сотының судьясы А.Қ. Рамазанова  гендерлік теңдік бойынша сұрақтың шешілуінің маңыздылығын баса айтып өтті.

Қатысушылар әйелдерді кемсітушілікке қарсы сұрақтарды, жыныстардың бірінің басымдылығын немесе толық дамымаған пікірдің  қалыптасуындағы отбасының ролі жайлы мәселелер талқыланды.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің дамуында тренингке қатысушылар тұлғалық ресурстарды зерттеу бойынша тәжірибелік жаттығулар  жүргізді.

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, барлық сұралған респонденттер тренингтің жоғары деңгейде өткізілгенін атап көрсетті.

Өз кезегінде семинардың тренері - психолог Н.Н.Семененко тренингке белсене қатысқандары үшін судьяларға  шексіз алғысын білдірді. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі