Атырауда жалған терроршы екі жыл алты ай мерзімге сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғаны Ж.Темірбаев Атырау қалалық жедел бөлімше басқармасына 102 нөмірі арқылы қоңырау шалып, Атырау қаласының темір жол вокзалына бомба қойылатыны туралы хабар берген. Аталған хабар бойынша облыстың барлық құқық қорғау бөлімдері жұмылдырылған. Алайда жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде хабардың жалған екені анықталды.

Сот отырысы барысында сотталушы өз әрекетіне өкініп, қала прокурорымен кінәні мойындау түріндегі процестік келісім жасасты.

Атырау қаласының №2 сотымен Ж.Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273 бабымен кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Ж.Темірбаевтан құқық қорғау органдарына келтірген материалдық шығын- 322 406 теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі