Атырау облыстық соты тараптардың ұзақ мерзімді шарттық қарым-қатынасын сақтауға мүмкіндік беретін татуласу келісімін бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында талап қоюшы «Флеча» ЖШС мен жауапкер «Идеал Маркет» ЖШС-нің шағымы қаралды. Тараптар Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Идеал Маркет» ЖШС-нен «Флеча» ЖШС-нің пайдасына жалға алудың қарыз сомасын құрайтын 13 598 992 теңгені өндіру туралы шешімімен келіспеген.

Істі қарау барысында, сот алқасы тараптарға келісімдік қатынастарды тиімді шарттар бойынша сақтай отырып, дауды татуласу әдістерімен реттеуге мүмкіндік берді. Аталған азаматтық істі қарау барысында апелляциялық сатыдағы сот тараптар арасында ғимаратты 10 жыл мерзімге жалдау шарты бар екені анықтады. Талап қоюшының жауапкерден өндіруді сұраған борыш мөлшері АҚШ долларының бағамы өзгеруіне байланысты жалдау ақысын индекстеу қаражатынан тұрады.

Сот алқасымен тараптарға ұзақ мерзімді шарттық қарым-қатынасын екіжаққа тиімді шартпен сақтап қалу үшін татуласу рәсімін қолдану арқылы дауды шешу масатында мүмкіндік пен уақыт берді.

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының ұйғарымымен «Флеча» ЖШС-нің «Идеал Маркет» ЖШС-не 13 598 992 теңге борышын өндіру туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісімі бекітілді.

Талап қоюшыға 407 970 теңге мемлекеттік баж қайтарылды.

Қайнар: 
Пресс-служба Атырауского областного суда