Атырауда сот жетімді тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне қайта тіркеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотына талап қоюшы А. жауапкер «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тұрғын үйге мұқтаждар кезегін қалпына келтіру туралы талап қою арызымен жүгінген.

Іс-құжаттарынан талап қоюшының 3-жасында ата-анасы қайтыс болып, оны туыстарының тәрбиеге алғаны, жетімнің атына тіркелген үйі болмағаны, 2008 жылдан бері тұрғын үйге мүқтаждардың кезегіне қойылғаны анықталды. Дегенмен,  талап  қоюшының  жұбайының меншігінде пәтер тіркелген деген  негізбен  құзыретті  орган  талап қоюшыны тұрғын үйге мұқтаждардың кезегінен  шығарған.

Сот оның жолдасы А.-ның атындағы жылжымайтын мүлік ол талап қоюшымен некеге тұрмас бұрын ата-анасынан мұра ретінде қалғаны және оның талап қоюшының жеке меншігі болып табылмайтыны анықтады.    

Сот шешімімен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің әрекеттері заңсыз деп танылып, талап қоюшының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, ол тұрғын үй алу кезегіне қайта тіркелді.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі