адам құқықтары

Жоғарғы Сотта Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

27/06/2019

Жоғарғы Сотта Қуаныш Сұлтановтың төрағалық етуімен Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Оның жұмысына биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының, адвокатура және қоғам өкілдері қатысты.

Жоғарғы Сот бұрын кінәлі деп танылған жүргізушінің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқтығын растады

21/07/2016

Жоғарғы Соттың мамандандырылған алқасының қаулысымен Ақтөбе әкімшілік соты мен Ақтөбе облысы сотының В.Генибергті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот актілерінің күші жойылды.

Іс материалдарына сәйкес Ақтөбе қаласы қиылыстарының бірінде екі көлік қақтығысты. Шеткі оң жолақта келе жатқан В.Генибергтің басқаруындағы автокөлік айналмалы қозғалыстағы қиылыстан сол жақ жолақтағы шығу бағытында келе жатқан басқа көлікпен қақтығысты.

Атырауда сот жетімді тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне қайта тіркеді

19/07/2016

Атырау қалалық сотына талап қоюшы А. жауапкер «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тұрғын үйге мұқтаждар кезегін қалпына келтіру туралы талап қою арызымен жүгінген.

Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттің 117-ші сессиясы барысында Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы екінші баяндаманы қорғады

05/07/2016

2016 жылғы 22-23 маусымда Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі комитеттің 117-ші сессиясы барысында Женева қаласында Халықаралық міндеттемелерді орындау бойынша екінші кезеңдік баяндаманы қорғады.

Қостанай облыстық соты зағип жанның бұзылған құқықтарын қорғады

05/07/2016

Қостанай облыстық соты азаматша Эльнара Әбдіназарованың «МК-Ломбард» ЖШС-не кепілдік несие беруден заңсыз бас тартумен келтірілген моралдық зиянға өтемақы төлеу туралы талабы бойынша Қостанай қалалық сотының шешіміне апелляциялық шағымын қайта қарады.

Көру бойынша бірінші топтағы мүгедек бола тұрып, Қостанай қаласының 27 жасар тұрғыны және екі баланың анасы құжаттарға факсимиле пайдалана отырып қол қояды. Оның жеке куәлігінде «қол қоюы» бағанасында факсимиле көрсетілген.

Жоғарғы Сотта «Азбука жилья» ТК үлескерлеріне олардың бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымдану құқығы түсіндірілді

28/06/2016

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Ғабит Мәуленқұлов жоғары сот органына келген үлескерлерге бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық тәртіпте шағымдану құқығын түсіндірді.

Қарағанды гарнизонының әскери соты Қорғаныс министрлігінен 2 миллион теңге шамасында әскери қызметші пайдасына өндірді

19/05/2016

Қарағанды гарнизонының әскери сотында Т.-ның Қорғаныс министрлігі және 3... әскери бөліміне қатысты әскери қызмет атқару барысында денсаулығына келтірілген зиянның салдарынан жоғалтқан еңбекақысының айырмасын өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқығын қорғады

05/05/2016

Кентау қалалық сотында талап қоюшы Д.Орынбасаровтың жауапкер «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы» АҚ-на қызметтік міндеттерін атқару кезінде денсаулығына келтірілген залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ақтөбе қалалық соты инженерді жұмысқа қайта орналастырды және 1 671 120 теңге көлемінде мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін еңбекақы өндірді

21/04/2016

Талапкер А. «УО» ЖШС-не жұмысқа қайта орналастыру және  мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін еңбекақы сомасы мен 1 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян өндіру туралы арызымен Ақтөбе қалалық сотына жүгінді.

Шығыс Қазақстан облыстық соты тұрғын үй комиссиясы шешімінің күшін жойып, талапкердің пәтерді жекешелендіру құқығын растады

15/04/2016

Өскемен қалалық сотында В.Ушаков ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан пәтерді жекешелендіруден бас тартуды,  жекешелендіру құқығын және іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап арызымен жүгінді.

Талапкер өзінің  талабында «Қазгидромед» ШЖҚ РМК-де 21 жылдан астам қызмет атқарғандығын көрсеткен. 2016 жылдың 16 наурызында  талапкер мен жауапкер арасында мемлекеттік тұрғын үй қорынан оның отбасына  пәтерді жекешелендіру жайлы жалға алу шарты жасалған болатын.

Беттер