Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттің 117-ші сессиясы барысында Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы екінші баяндаманы қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 22-23 маусымда Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі комитеттің 117-ші сессиясы барысында Женева қаласында Халықаралық міндеттемелерді орындау бойынша екінші кезеңдік баяндаманы қорғады.

Қазақстандық делегацияның құрамына Әділет минстрінің орынбасары Эльвира Әзімова, Жоғарғы Сот судьясы Лаура Ағыбаева, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов кірді. Делегация мүшелері құрамына Адам құқытары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Вячеслав Калюжный, Бас прокуратура өкілдері – Департамент басшысының орынбасарлары Нұрдәулет Сүйіндіков, Берік Жақаев, Женевадағы ҚРПӨ кеңесшісі Артур Ластаев, ІІМ – Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Мұхитов, ҚОЖК төрағасының орынбасары Азамат Базылбеков, АКМ – Дмитрий Голобурда, БҒМ – Гүлнаш Қошқарова енді.

Халықаралық міндеттемелерді орындау жөніндегі екінші кезеңдік баяндаманы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттің 18 сарапшылары тыңдады. Олар делегация мүшелеріне Қазақстандағы адам құқықтарын сақтаудың түрлі салаларына қатысты сұрақтар қойды. Делегация мүшелері әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси саладағы негізгі өзгерістер, Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберіндегі ұлттық заңнамадағы өзгертулер, сот жүйесін дамытудағы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарды қолдану мен адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру туралы айтты.

БҰҰ комитетінің мүшелері адамдардың азаматтық және саяси құқықтарын қорғау мәселелерінде ұтымды шаралардың қабылданғандығын атап өтті.

Жоғарғы Сот Халықаралық пакт ережелерін іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мәселен, халықаралық пакті нормаларын бірізді және дұрыс қолдану үшін 2018 жылғы 10 шілдеде Жоғарғы Сот «Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулыны қабылдады. Онда халықаралық шарттар ұғымы түсіндірілген, соның ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні қолдану мәселелері айқындалған, 2011 жылы халықаралық шарттар басымдығының конституциялық қағидатын қолдану бойынша сот практикасын қорыту жүргізілген.

Судьялар үздіксіз білім беру жолымен түрлі нысанда өтетін халықаралық шарттарды зерделеуіне баса назар аударылуда. Олар судьялар жоғары сатыдағы соттарда тағылымдамадан өту кезінде бейне байланыс арқылы қашықтықтан білім беру, оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдерін және тренингтерін өткізу, жаңадан тағайындалған судьяларға тәлімгерлік пен судьялық жетекшілік.

Білім беру мен сот практикасын өзара байланысын нығайту мақсатында Жоғарғы Сот жанына Сот төрелігі академиясы құрылып, жұмыс істеуде. Оның оқу жоспарына адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды сот практикасында зерделеу мен қолдану,  Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті нормаларымен көзделген адам құқықтарының бұзылуымен күресрәсімдері мен құралдары енгізілді. Пактіні адамды сату, тұрмыстық зорлық мәселелері бойынша жекелеген тақырыптарды зерделеу кезінде қолданады.

 2016 жылдан бастап, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша статистикалық есепке алудың жаңа нысанында Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сілтеме жасалған  сот актілерінде қолдану бойынша бөлек есепке алу қарастырылған.

Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні 20015 жылғы 28 қарашада ратификациялады.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті 1996 жылы 16 желтоқсанда қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының пактісі болып саналады. Ол қатысушы-мемлекеттер үшін міндетті күші бар халықаралық шартқа жатады.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің маңыздылығын қайта бағалау қиынға соғады, өйткені дәл осы құжатта адам құқықтарының халықаралық стандарттары айрықша толық көрсетілген.

Пактінің ережелерін мемлекет-тараптардың сақтауына мониторингті жүзеге асыруға тартылған құрылған арнайы механизмге сәйкес Адам құқытары жөніндегі комитет қатысушы-мемлекеттердің баяндамаларын зерделейді және қорытындысы бойынша пактінің нормаларын орындау мәселелері бойынша өз ескертулерін жариялайтын Пактімен мақұлданған құқықтарды іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы олардың өкілдерін тыңдайды.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі