Жоғарғы Сот бұрын кінәлі деп танылған жүргізушінің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқтығын растады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың мамандандырылған алқасының қаулысымен Ақтөбе әкімшілік соты мен Ақтөбе облысы сотының В.Генибергті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот актілерінің күші жойылды.

Іс материалдарына сәйкес Ақтөбе қаласы қиылыстарының бірінде екі көлік қақтығысты. Шеткі оң жолақта келе жатқан В.Генибергтің басқаруындағы автокөлік айналмалы қозғалыстағы қиылыстан сол жақ жолақтағы шығу бағытында келе жатқан басқа көлікпен қақтығысты.

Жоғарғы Сот Конституцияға, Азаматтық және саяси құқықтар туралы БҰҰ-ның халықаралық пактісіне, жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы заңнамаға сүйеніп, жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойып, аталған іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Сот актілерінің күшін жоюға бұрын кінәлі деп танылған жүргізушінің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының жоқтығы негіз болып табылды.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі