Архив событий

20/07/2016

Риддерде сот жеке айыптау бойынша қылмыстық істі қарап, сотталушыны ақталды

20/07/2016

ШҚО-ның Риддер қалалық сотында ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігі бойынша (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) айыпталған Д.Козловқа қатысты жеке айыптау қылмыстық ісі қаралды.

Н.Васильева «масаң күйдегі Д.Козлов менің ар-намысым мен қадір-қасиетімді балағат сөздермен әдепсiз түрде кемсiті» деп айыптаған болатын.

Маңғыстау облысында «Ақтау үкімін шығару. Халықаралық құқық талаптары» тақырыбында халықаралық семинар өтті

20/07/2016

Маңғыстау облысында «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ақтау үкімін шығару. Халықаралық құқық талаптары» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Семинарға Жоғарғы Сот судьясы Ербол Рахимбеков, Украина мемлекеті Запорожье облысының қылмыстық істер жөніндегі Апелляциялық сот палатасының судьясы, з.ғ.к., Украина Судьялары Кеңесінің соттарды әкімшілендіру комитетінің төрағасы Григорий Алейников, «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігің және Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдері және Маңғыстау облысының судьялары қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы аудандық соттарға жұмыс сапарының барысында азаматтарды қабылдауды жүргізді

20/07/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов облыстың аудандық соттарына танысу жұмыс сапарының барысында Жамбыл, Мамлют, Айыртау аудандық соттарында және Айыртау ауданының №2 аудандық сотында болды.

Барлық аудан орталықтарында аудан белсенділерімен кездесу өтті. Жиналыста Е. Айтжанов заңның үстемдігін қамтамасыз ету және татуластыру рәсімдерін қамтамасыз ету бөлігінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелері туралы сөз сөйледі.