Наиль Ахметзакиров Алматы қалалық сотының жұмысымен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров жұмыс сапары аясында өңірлік сот пен соттар әкімшілігінің басшылығымен, сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесулер өткізді.

Н.Ахметзакиров сот жүйесі қызметінің басым бағыттары туралы хабардар етті. Ол күн тәртібінде тұрған міндеттер туралы айта келе, сот қызметкерлерінің жалақысын арттыру, қалалық сот ғимаратынының құрылысы, сот ісін жүргізу элементтерін роботтандыру және басқа да өзекті мәселелерге тоқталды.

Департамент басшысы Алматы қаласы сотының ашықтық қағидатына сәйкес іске қосылған коммуникациялық арналардың қарқынды жұмысына оң баға берді. Атап айтқанда, WhatsApp «сенім телефоны» жобасын енгізу, сот ісін жүргізу бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтау және туындаған мәселелерді жедел шешу үшін судьялар, заңгерлік палаталар мен адвокаттар қауымдастығы өкілдері арасында әлеуметтік зерттеу және сауалнама жүргізу бастамасы туралы әңгіме қозғалды.

Кездесуде спикер соттардың еңбек жағдайы, материалдық-техникалық жарақталуы және жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне қызығушылық танытты. Сонымен қатар, сот әкімшілігі қызметкерлерінің сотқа келушілерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуіне, қарым-қатынас мәдениетін сақтауына, көрсетілетін қызметтердің ашықтығына, тиімділігіне және сапасына ерекше назар аударылды.

Сол күні Наиль Ахметзакиров Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесті. Сындарлы диалог барысында тараптар тұрғындардың сот жүйесіне және жалпы мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған бірқатар мәселелерді талқылады.

Қайнар: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі