Алматы қалалық соты

Наиль Ахметзакиров Алматы қалалық сотының жұмысымен танысты

12/11/2021

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров жұмыс сапары аясында өңірлік сот пен соттар әкімшілігінің басшылығымен, сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесулер өткізді.

Н.Ахметзакиров сот жүйесі қызметінің басым бағыттары туралы хабардар етті. Ол күн тәртібінде тұрған міндеттер туралы айта келе, сот қызметкерлерінің жалақысын арттыру, қалалық сот ғимаратынының құрылысы, сот ісін жүргізу элементтерін роботтандыру және басқа да өзекті мәселелерге тоқталды.

Алматы қалалық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің санитарлық-эпидемиологиялық заңнаманы бұзу туралы нормалары талқыланды

30/07/2020

Алматы қалалық соты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері мен әкімшілік соттардың судьялары үшін онлайн-семинар өткізді.

Қалалық соттың судьясы Сейілхан Ташполатов қатысушылардың назарын ӘҚБтК-нің 425-бабының 2-бөлігі бойынша істерді қарау кезінде бірыңғай сот практикасын қамтамасыз етуге және лауазымды адамдарды осы баптың 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тарту туралы қаулыларға шағымдарды талқылауға аударды.

Алматы қаласының экономикалық сотында фронт-кеңсе ашылды

13/03/2020

Департамент басшысы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты фронт-кеңсесінің ашылуына қатысты.

Н. Ахметзакиров өз сөзінде фронт-кеңсенің сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

Ержан Қожахметов Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы болып тағайындалды

13/03/2020

Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің жаңа басшысы Ержан Қожахметовты ұжымға таныстырды.

Н. Ахметзакиров өз сөзінде оның сот жүйесіндегі көпжылдық өтілін, кәсібилігі мен өмірлік тәжірибесін атап өтті.

 

Анықтама. Е. Қожахметов 1979 жылы туған.

Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қалалық сотының жетекші маманы, сот приставы болып бастаған.

Конституция құқық үстемдігінің құндылықтарын іске асыру құралы

29/08/2019

Алматы қалалық соты Ұлттық кітапханада «Конституциялық құндылықтар және Қазақстанның заңнамасы мен құқық қолдану практикасында оларды іске асырудың жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шара Конституция күнін атап өтуге арналған ІІІ-ші тамыз оқулары форматында өтті.  

Кәсіпкерлер сотта татуласты

28/08/2019

Алматылық кәсіпкерлер тұрғын емес үй-жайды жалға беру бойынша өздерінің арасында жасалған шарттан туындайтын талаптармен өзара талап-арызымен сотқа жүгінген.

Атап айтқанда, талапкер жауапкердің үй-жайды жалға алғаны үшін ақы төлемегенін, берешектің  2 195 000 теңгеге дейін өскенін айтады. Өз кезегінде жауапкер талапкердің тұрғын емес үй-жайдың нысаналы мақсатын заңдастырмай, шарттың елеулі бұзылуына жол берген деп есептей отырып, жалдау шартын бұзуды сұрайды.

Пилоттық жобаларды іске асыру шеңберінде

05/02/2019

Бір ЖШС 67 214 503 теңге берешекті, 4 016 968 теңге өсімпұлды, 4 434 568 теңге өкілдер көрсететін қызметтер шығыстарын және мемлекеттік бажды өндіру туралы басқа бір ЖШС-ға талап қойып, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Талап қоюшы жауапкердің тауарды жеткізу үшін ақы төлеу бойынша өзіне қабылдаған шарттық міндеттемелерді орындамағанын атап көрсетті.

Алматы қалалық сотында фронт-офис ашылды

21/01/2019

Бүгін  Нұрғазы Абдиқанов өзі басқаратын Алматы қалалық сотындағы фойенің жаңа бейнесімен келушілерді таныстырды.

«Үлгілі сот» жобасын іске асыру аясында өткізілген іс-шараға судьялар, қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайберген, Сот әкімшісінің жетекшісі Данияр Қырықбаев, заңгерлер мен блогерлер қатысты.

Алматының Түріксіб ауданында Соттан тыс татуласу орталығы ашылды

11/01/2019

Салтанатты рәсімнің ашылуына судьялар, Алматы ауданы әкімі аппаратының өкілдері мен медиаторлары қатысты.

Орталық сот пен аудан әкімдігі арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында ашылды.

Орталықтың жұмысы соттан тыс рәсімдерді жан-жақты дамытуға бағытталған. Туріксіб ауданы ең тығыз қоныстанған аудандардың бірі болып табылады. Мұнда  230 мыңнан аса адам тұрады,  көптеген сауда-өнеркәсіп ошақтары мен кәсіпорындар шоғырланған.

Беттер