Алматы қалалық сотының төрағасы мен Алматы қаласының әкімі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық соты мен Алматы қаласының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек қол қойды. 

Меморандумға қол қою салтанатты рәсіміне Алматы қаласы әкімдігі аппаратының, қалалық басқармалардың, сот корпустарының өкілдері, Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісі қатысты.

Алматы қаласының әкімі Б.Байбек өз сөзінде мемлекеттік билік органдарының күнделікті қызметінде сот және атқарушы биліктердің өзара қарым-қатынастары туралы мәселе маңызды орын алатынын атап өтті. Қала әкімі қоғамда келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемелекеттік органдардың бірлескен күш салу жөніндегі бастамасын құптап отыр. Б.Байбек бітімгершілік рәсімдерді белсенді пайдалануға, соның ішінде кәсіби емес медиация институтының  мәнділігіне баса назар аударды.

Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай қол қойылған құжаттың маңыздылығы туралы қоғамдық тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің негізі болатын конституциялық қағидамен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға, демократиялық әдіспен мемлекеттің ең маңызды мәселелерін шешуге бағытталған деді. Меморандум дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді енгізу, сот өндірісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану саласындағы өзара ынтымақтастық, алқабилерге кандидаттардың тiзiмдерiн қалыптастыру мәселелері  бойынша өзара іс-қимылды нығайту аясында бірлесіп қызмет етуге кепілдік береді.

Атап айтқанда, Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы қалалық сотының бекіткен келісімі негізінде Алматы аудандық әкімдіктерінде медиация кабинеттерін ашу бойынша үш басым бағыттары аясында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөнінде, кәсіби емес медиация кабинеттерін дамытуға азаматтар мен үкіметтік емес сектор өкілдерін тарту бойынша бірлескен жүйелік жұмыстарын бастайды.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі