Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың судьялары мен аппаратына Департаменттің жаңа басшысын таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғары сотта Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысы Абай Тоқсаба таныстырылды.

А.Тоқсаба 1960 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.

Жоғарғы Кеңес Аппаратының Қаржы-шаруашылық істері басқармасының сектор меңгерушісі, Сенат Аппаратының Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Аппарат Басшысының орынбасары, Ұйымдастыру-бақылау және кадр, Редакциялық-баспа бөлімдерінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

 

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі