Орал қалалық соты бұрынғы полиция тергеушісіне үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Д.Мұқанов 2015 жылы киік мүйіздерін заңсыз сақтаған азаматты ұстаған БҚО ІІД-нің тергеу-операвтивті тобының құрамында болған. 149 дана киік мүйізін алу туралы хаттаманы толтырған Д.Мұқанов заттай дәлелдемені БҚО ІІД-нің ғимаратындағы өзінің қызметтік кабинетінде сақтаған.

Кейін мүйіздердің көп бөлігі қызметтік бөлмеден жоғалған. Аталған фактіні жасыру мақсатымен тергеуші Д.Мұқанов қылмыстық іс бойынша құжаттарды бұрмалап, киік мүйізін алу туралы хаттамасына киіктің 149 данасының орнына 49 жалған ақпаратты енгізген.

Орал қалалық сотының үкімімен Д.Мұқанов ҚР ҚК-нің 369-бабының 2-бөлігіне (лауазымды тұлғаның қызметтік жалғандық жасауы), 371-бабының 1-бөлігіне (салғырттық), 416-бабының 4-бөлігімен (дәлелдемелерді бұрмалау, яғни  қылмыстық сот өндірісі барысында сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы тұлғаның заттай дәлелдемелердің бұрмалауы) айыпты деп танылды.

ҚР ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы  тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі