Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Алға аудандық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай қызметтік сапар барысымен Алға аудандық сотында болды.

Сапар барысында Алға ауданының әкімдігінде аудан активінің қатысуымен жиын өтті, жиын барысында Мұратғали Әкетай Ұлт Жоспарының Жоғарғы Сотқа бекітілген 11 қадамы - сот құрылымының жаңа моделі, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын сот арқылы қорғау саласының кеңейтілгені туралы атап өтті. Ол сот төрелігінің негізгі басымдықтарының бірі ретінде заң үстемдігі, дауларды баламалы түрде шешу, сот корпусының кәсібилігі, сот процестерінде қолданылатын заманауи ақапараттық технологияларды енгізу анықталғандығын айтып жеткізді.

Облыстық сот төрағасы аудан әкімдігінің жанынан ашылған медиация кабинетінің жұмысымен танысып, кәсіби емес медиатормен тілдесті.

М.Әкетай аудандық сотта азаматтарды қабылдау өткізіп, қабылдауға келген аудан тұрғындарының барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.  

Қызметтік сапар соңында облыстық сот төрағасы судьялардың  назарын сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, істерді қарау мерзімдерін сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау қажеттігіне аударды.

Алдағы уақытта М.Әкетай барлық аудандық және оған теңестірілген соттарға баруды жоспарлауда.

Источник: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі