Ақтөбе облыстық сотының төрағасы М. Әкетай Мәртөк ауданының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұратғали Әкетай қызметтік сапар барысында Мәртөк ауданынының Тәңірберген, Родниковский және Қаратоғай ауылдық округтерін аралады.

Әрбір ауылда облыстық соттың төрағасы аудан белсенділерінің қатысуымен тұрғындармен кездесулер өткізді.

М.Әкетай кездесу барысында  Елбасының Ұлт Жоспарын іске асырудағы - сот жүйесінің түбегейлі жаңа үлгісін құру, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясын кеңейту, қылмыстық процесті жаңғырту және құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жетілдіру туралы айтты. Ол сот жүйесі қызметінің басты мақсаты заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғанын, осы ретте дауларды баламалы тәсілдер арқылы шешу, судьялардың кәсібилігін арттыру, сот ісіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Облыстық соттың төрағасы «Сот кабинеті» ақпараттық қызметін пайдаланудың артықшылықтарын түсіндірді.

М.Әкетай әрбір ауылдағы медиация кабинетін аралап, медиаторлардың жұмысымен танысты. Бұған қоса, облыстық соттың төрағасы аудандық соттарда азаматтарды қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.  

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі