Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Қ.Елемесов Алға аудандық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызметтік сапар барысында Қайырбек Елемесов аудандық соттың жұмысымен танысып, сот отырысы залдарын аралады.

Алқа төрағасы ақпараттық қызмет жұмысы және сот процестерінің аудио-бейне жазба құрылғыларының тиісті жұмыс жасауына ерекше назар аударды.

Сот қызметкерлерімен кездесу барысында алқа төрағасы Қ.Елемесов Ұлт Жоспарының практикада толық жүзеге асырылғанын, заң үстемдігін қамтамасыз ету сот жұмысының басым бағыты екендігін атап өтті. Қ.Елемесов судьялардың назарын сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, іс қарау мерзімдерін сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау қажеттілігіне аудартты.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі