жұмыс сапары

Қазақстандық делегация ГФР судьяларын даярлаумен танысты

07/11/2018

Делегация құрамына Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы және аппарат басшысы Әнуар Сабиров, Президент Әкімшілігінің бөлім бастығы Айдар Жарылғанов, ЖСК мүшелері Ләззат Күдекова және Мұрат Қожабергенов, Сот  академиясының вице-ректоры Назиля Раззақ кірді.

Жоғарғы Сот Департаментінің басшысы Н.Шәріпов Қызылорда облысы соттарының жұмысымен танысты

07/09/2018

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының IX спартакиадасының шеңберінде Нұрсерік Шәріпов өңірдегі бірқатар соттарды аралады.

6 қыркүйекте Соттан тыс татуласудың жаңа орталығын ашуға дайындық және жөндеу жұмыстарының барысымен танысу рәсімі өтті. Татуласу орталығы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынуда. Мұнда медиаторлар, адвокаттар, ХҚО және сот қызметкерлері қызмет көрсететін болады. Орталықтың негізгі мақсаты – соттан тыс татуластыру рәсімдерін жан-жақты дамыту.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р. Мырзакәрім Жуалы және Жамбыл аудандық соттарында азаматтарды қабылдады

14/12/2017

Рүстем Мырзакәрім аймақтар бойынша іссапар барысында Жуалы және Жамбыл аудандық соттарында болды.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтібеков пен Ардақ Әкетаев, сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары қатысты.

Кездесу барысында Р.Мырзакәрім азаматтарға елімізде жүргізіліп жатқан сот жүйесінің реформаларының негізгі бағыттарын, сондай-ақ  дауды сотқа дейін реттеудің артықшылықтарын түсіндірді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Д.Әбдіғалиев қызметтік сапар барысымен аудандық соттарды аралады

15/09/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев және облыстық соттың судьясы Елдос Жұмақсанов Риддер қалалық және Риддер қаласының мамандандырылған ауданаралық соттарында қызметтік іс-сапарда болды.  

Кеңейтілген жиынға: құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік органдардың басшылары, судьялар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, нотариустер, қала активі және жергілікті БАҚ-ның өкілдері  қатысты.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Қ.Елемесов Алға аудандық сотында болды

11/09/2017

Қызметтік сапар барысында Қайырбек Елемесов аудандық соттың жұмысымен танысып, сот отырысы залдарын аралады.

Алқа төрағасы ақпараттық қызмет жұмысы және сот процестерінің аудио-бейне жазба құрылғыларының тиісті жұмыс жасауына ерекше назар аударды.

Жоғарғы Сот Төрағасы Бурабай аудандық сотына жұмыс сапарымен келді

28/07/2017

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Ақмола облысының Бурабай аудандық сотына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі судьялармен және сот қызметкерлерімен кездесті.  

Қ.Мәми судьялармен кездесу барысында Ұлт Жоспары аясында сот реформаларының табысты іске асырылып, судьялардың VII-съезінде Елбасы жүктеген міндеттерді орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қостанай облыстық сотының төрағасы А.Мерғалиев жұмыс сапарымен Таран аудандық сотында болды

27/07/2017

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау мақсатымен Таран ауданына іссапармен барды.

Жиынға Таран ауданының әкімі Бақберген Өтеулин, аудандық сот төрағасы Сабыр Тажкенов, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында ағымдағы жылдың алты айында сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі нәтижелері мен істерді қарауда заңдылықтардың сақталуы мәселелері айтылды.

Облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Семей қаласына жұмыс сапарымен барды

20/07/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев жұмыс сапары кезінде Семей қалық, Мамандандырылған әкімшілік және Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған соттарының  судьяларымен кездесті.

Іссапар аясында Дамир Әбдіғалиұлы жергілікті соттарда жиналыстар өткізіп, сот төрелігін жүзегізу  сапасын талқылады. Жиналыс соңында сот ғимараттарын аралап, кеңселердің жұмысымен танысы.

Ақмола облыстық сотының төрағасы мамандандырылған соттарда жұмыс кеңесін өткізді

26/06/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Ақмола облысының мамандандырылған соттарының жұмысымен танысып, судьялар және сот қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Облыстық соттың төрағасы мамандандырылған соттарда ағымдағы жылдың 5 айы және 2016 жылдың республика бойынша мамандандырылған соттардың көрсеткіштерін салыстыра отырып жұмыс сапасын талқылады, сонымен қатар соттардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Әлімбеков Бұқар жырау ауданының тұрғындарымен кездесті

29/03/2017

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданында болып, екі аудандық сотта азаматтармен көшпелі қабылдау өткізді.

Төраға қабылдауында Бұқар жырау ауданының тұрғындары Е.Үмітбаев, А.Әбдікәрімова және тағы басқалары алимент мөлшерін ұлғайту, мұраны рәсімдеу, меншік құқығын тану секілді сотқа жүгіну кезінде туындайтын мәселелермен жүгінді. Аға сот орындаушы Г.Балкенова сот шешімдерін қасақана орындамаған азаматтарды жауаптылыққа тарту мәселесін алға тартты.

Беттер