Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р. Мырзакәрім Жуалы және Жамбыл аудандық соттарында азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Рүстем Мырзакәрім аймақтар бойынша іссапар барысында Жуалы және Жамбыл аудандық соттарында болды.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтібеков пен Ардақ Әкетаев, сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары қатысты.

Кездесу барысында Р.Мырзакәрім азаматтарға елімізде жүргізіліп жатқан сот жүйесінің реформаларының негізгі бағыттарын, сондай-ақ  дауды сотқа дейін реттеудің артықшылықтарын түсіндірді.

Облыстық соттың төрағасы соттарда азаматтарды қабылдады. Қабылдауға Жуалы ауданынан төрт, Жамбыл ауданынан сегіз тұрғын келді. Өтініштер, негізінен, сот актілерінің орындалуы, медиация, банк және салық саласындағы азаматтық даулардың қаралуы, қарыз өндіру, отбасы-тұрмыстық қатынастар, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдану туралы мәселелерге қатысты болды. Қабылдауға келген барлық азаматтар өздерінің сұрақтарына заң аясында тиісті жауаптарын алды.

 Кездесу барысында Судьялар әдебі жөніндегі комиссия төрағасы, облыстық соттың судьясы Мейірхан Әтібеков аудандық соттардың судьялары мен мемлекеттік қызметшілерінің әдеп ережелерінің сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі