азаматарды қабылдау

2019 жылғы 29 мамырда Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы А.Рахметулин Қарағанды облысының тұрғындарын бейнебайланыс арқылы қабылдайды

16/05/2019

2019 жылғы 29 мамырда Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин Қарағанды облысының тұрғындарын бейнеконференцбайланыс (БКБ) арқылы қабылдайды.

А.Рахметулин қабылдау барысында республика сот органдарының сот жүйесін жаңғырту барысы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың жай-күйі туралы сұрақтарға жауап береді.

Атырауда Билер кеңесі азаматтарды қабылдауды жүргізуде

28/02/2019

Атырауда Билер кеңесінің мүшелері – қоғамдық қызметкер Қатимолла Ризуанов пен сот жүйесінің ардагері Сағима Жұмалиева азаматтарды кезекті қабылдауды жүргізді.

Осы күні билерге тұрмыстық жағдайлары қиын бірнеше көпбалалы аналар өтініш білдірді. Олардың біреуін бірнеше жыл бұрын жұбайы бес баласымен тастап кеткен. Ерлі-зайыптылар соттың шешімімен ажырасқан, жұбайынан алимент өндіру белгіленгенмен ол оны төлеуден жалтарып жүр. Көпбалалы ана пәтерді жалдайды, сол себепті өзінің тапқан қаржысына ғана балаларды күтіп-бағу оған өте ауыр. 

Жамбыл облыстық сотының төрағасы аудан соттарында азаматтарды қабылдады

21/09/2018

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім Шу және Мойынқұм аудандық соттарының ғимаратында көшпелі түрде азаматтарды жеке қабылдады.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтибеков, Ардақ Әкетаев және аудандық соттардың төрағалары қатысты.

Облыстық сот төрағасының жеке қабылдауына 7 азамат жүгініп, олар қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот шешімдеріне, олардың еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын дауларына, сондай-ақ сот актілерінің түсіндірмелеріне қатысты мәселелерді көтерді.

Әскери соттың төрағасы С.Абдолла бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдауды өткізді

13/03/2018

Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдолла Ақтау гарнизонының әскери қызметшілерін қабылдады.

Онлайн форматтағы кездесуге 10-ға жуық әскери қызметшілер келді. Олардың ішінде әскери бөлімдердің заңгерлері және әскери құқық қорғау органдарының өкілдері болды. Оларды тұрғын үй және еңбек даулары бойынша істердің қаралу тәжірибесі, сот актілерінің орындалу тәртібі, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістер туралы мәселелер қызықтырды. Келушілер өздерінің барлық сұрақтарына толыққанды жауап пен түсіндермелер алды.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р. Мырзакәрім Жуалы және Жамбыл аудандық соттарында азаматтарды қабылдады

14/12/2017

Рүстем Мырзакәрім аймақтар бойынша іссапар барысында Жуалы және Жамбыл аудандық соттарында болды.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтібеков пен Ардақ Әкетаев, сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары қатысты.

Кездесу барысында Р.Мырзакәрім азаматтарға елімізде жүргізіліп жатқан сот жүйесінің реформаларының негізгі бағыттарын, сондай-ақ  дауды сотқа дейін реттеудің артықшылықтарын түсіндірді.

Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

04/12/2017

Бұл күні Қ.Мәмидің қабылдауында республика бойынша 8 адам болды.

Жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға заңнамаға сәйкес жоғары сот сатыларына шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандардың барлығы өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Қостанай облыстық сотының төрағасы А.Мерғалиев жұмыс сапарымен Таран аудандық сотында болды

27/07/2017

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау мақсатымен Таран ауданына іссапармен барды.

Жиынға Таран ауданының әкімі Бақберген Өтеулин, аудандық сот төрағасы Сабыр Тажкенов, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында ағымдағы жылдың алты айында сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі нәтижелері мен істерді қарауда заңдылықтардың сақталуы мәселелері айтылды.

Әскери соттың төрағасы бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдауды өткізді

03/04/2017

Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдуллаев Өскемен гарнизоны әскери қызметшілерін қабылдауды өткізді.

Осы күні барлық ниет білдірген әскери қызметшілер мен басқа да тұлғалар Өскемен гарнизонының әскери сотына  келіп, өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Әскери қызметшілерді сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, заңнамадағы өзгерістер, сонымен қатар, әскери соттардың алдында тұрған міндеттер қызықтырды.

Әскери соттың төрағасы бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдауды өткізді

09/02/2017

ҚР Әскери сотының төрағасы С.Ж. Абдуллаев онлайн-форматта Талдықорған гарнизоны әскери қызметшілерінің қабылдауын өткізді.

Осы күні барлық ниет білдірген әскери қызметшілер және де басқа тұлғалар Талдықорған гарнизонының әскери сотына  келіп, өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Қойылған сұрақтардың тақырыптары алуан түрлі болды. Әскери қызметшілерді сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, заңнамадағы өзгерістер, сонымен қатар, әскери соттардың алдында тұрған міндеттер қызықтырды.

Беттер