Қызылорда облыстық сотының төрағасы Жаңақорған, Шиелі аудандық соттарында азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков арнайы іссапармен Жаңақорған, Шиелі аудандық соттарында болып, аудан тұрғындарын қабылдады.

Қабылдауға келген аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген жеке мәселелері бойынша облыстық сот төрағасының қабылдауында болу мүмкіндігіне ие болып, заң аясында тиісті жауаптарын алды. Шиелі ауданында 2 азамат, ал Жаңақорған ауданында 7 азамат облыстық сот төрағасының қабылдауында болды. Келгендердің әрқайсысының мәселесі әр түрлі. Кейбір азаматтар аудандық, апелляциялық сот сатыларынан өткен. Сот ісін бақылауға алу туралы өтініш білдірген азаматтарға сотта қаралып жатқан істі ешкім және ешқандай орган бақылауға ала алмайтындығы және шешім қабылдауда судьяның тәуелсіз болып табылатындығы түсіндірілді.

Өңір тұрғындарының бірі даулы мүлік мәселесі бойынша өтініш білдірді. Азаматқа жоғары сот сатыларына өтініш жазу керектігі түсіндірілді. Азаматтардың шағымдарының көбісі қылмыстық және азаматтық істер, тұрғын үй және еңбек құқықтық қатынастары жөніндегі істер туралы болды. Қабылдауға келген азаматтардың барлығының сұрақтарына жауап берілді.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі