Әскери соттың төрағасы бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдауды өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Әскери сотының төрағасы С.Ж. Абдуллаев онлайн-форматта Талдықорған гарнизоны әскери қызметшілерінің қабылдауын өткізді.

Осы күні барлық ниет білдірген әскери қызметшілер және де басқа тұлғалар Талдықорған гарнизонының әскери сотына  келіп, өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Қойылған сұрақтардың тақырыптары алуан түрлі болды. Әскери қызметшілерді сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, заңнамадағы өзгерістер, сонымен қатар, әскери соттардың алдында тұрған міндеттер қызықтырды.

С.Абдуллаев барлық қойылған сұрақтарға толық көлемде жауап қайтарып, Азаматтық процестік және Қылмыстық-процестік кодекстердің нормалары, тұрғын үй және еңбек қатынастарының ерекшеліктері, үш сатылы сот төрелігі моделіне көшу бойынша түсіндірме берді. Сонымен қатар, әскери сот төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген 5 басымдылықтарына қатысушылардың назарын аударып, басты бағдарламалық құжатта таяу жылдарға арналған дамудың маңызды басымдылықтары белгіленгенін айтып өтті. Сондай-ақ, ол сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлініп жатқандығына, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыруға бағытталған шаралар қабылданып жатқанына тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар сот төрағасына жеке сұрақ қою мүмкіндігіне алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың бұдан әрі жалғасуына тілек білдірді.

Источник: 
Әскери соттың баспасөз қызметі