Әскери соттың төрағасы бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдауды өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдуллаев Өскемен гарнизоны әскери қызметшілерін қабылдауды өткізді.

Осы күні барлық ниет білдірген әскери қызметшілер мен басқа да тұлғалар Өскемен гарнизонының әскери сотына  келіп, өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Әскери қызметшілерді сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, заңнамадағы өзгерістер, сонымен қатар, әскери соттардың алдында тұрған міндеттер қызықтырды.

С.Абдуллаев барлық қойылған сұрақтарға толық көлемде жауап қайтарып, Азаматтық процестік және Қылмыстық процестік кодекстердің нормалары, тұрғын үй және еңбек қатынастарының ерекшеліктері, үш сатылы сот төрелігі моделіне көшу бойынша түсіндірме берді.

Сонымен қатар, әскери сот төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген 5 басымдыққа қатысушылардың назарын аударып, басты бағдарламалық құжатта таяу жылдарға арналған дамудың маңызды бағыттары белгіленгенін айтып өтті. Сонымен қатар, ол сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлініп жатқандығына, электронды сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыруға бағытталған шаралар қабылданып жатқанына тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар сот төрағасына жеке сұрақ қою мүмкіндігінің белігендігіне алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың бұдан әрі жалғасуына тілек білдірді.

Қайнар: 
Әскери соттың баспасөз қызметі