Ақмола облыстық сотының төрағасы мамандандырылған соттарда жұмыс кеңесін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Ақмола облысының мамандандырылған соттарының жұмысымен танысып, судьялар және сот қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Облыстық соттың төрағасы мамандандырылған соттарда ағымдағы жылдың 5 айы және 2016 жылдың республика бойынша мамандандырылған соттардың көрсеткіштерін салыстыра отырып жұмыс сапасын талқылады, сонымен қатар соттардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Д.Әміров мамандандырылған соттардың жұмыс көрсеткішін талқылап, халықтың сотқа деген сенімін арттыру үшін атқарылатын нақты тапсырмаларды белгілеп берді. Судьяларға келесі есеп кезеңінде сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеру, мемлекеттік тілде қаралатын істердің санын көбейту, медиацияны қолдану мен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жандандыру, сот төрағалары мен кеңсе меңгерушілеріне мұрағат жұмысын ұйымдастыру және сот актілерін орындалуын бақылауды тапсырды.

Сот төрағасы Д.Әміров судьялармен бірлесіп, Жоғары Сот өткізген «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» қарарын іске асыру мәселелерін талқылады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі