Істерді қараудың тәртібі ыңғайлы болуға, жылдам қаралатын істерден тұруға әрі тараптар татуласатындай болуға тиіс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс-Қазақстан облысының судьялары медиацияны дамыту және дауларды соттан тыс шешу жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Тұрмыс тіршілігінің әртүрлі салаларына татуластыру рәсімдерін енгізу шиеленісті жағдайлардың азаюына ықпал етіп, әдеттегідей, сот дауларының санын азайтады. 

2018 жылда өңірдегі соттар 3 109 азаматтық істі тараптардың татуласуына және олар келісімге қол қойғанына байланысты тоқтатты. Олардың ішіндегі 1733 іс немесе тоқтатылған істердің 56%-ғы 220 іс бітімгерлік келісіммен, 1 479 іс медиативтік келісіммен және 34 партисипативтік келісіммен тоқтатылды.

Осындай істердің негізгі бөлігі Орал қаласының №2 сотында кездеседі.  Татуластыру рәсімдерін дамыту және тараптарды дауды сотқа дейін шешуге ынталандыру мақсатында былтырғы жылдың мамыр айынан бастап соттың ішінде татуластыру кабинеті жұмыс істеп келеді. Медиация рәсімін жүргізу бойынша оқу курстарынан өткен бекітілген екі татуластырушы-судья істерді қарау барысында тараптарға татуласу мүмкіндіктерін кәсіби тұрғыда түсіндіріп өтеді. Олардың жұмыс істеген кезеңі ішінде 1 115 іс келіп түсті, соның ішіндегі 389 іс өзара тиімді шарттарды қабылдау туралы келісімге қол қойғандарына байланысты тоқтатылды. Дауларды бейбіт жолмен реттеуге ықпал етудің нәтижесінде 35% іс татуласумен аяқталды,  29 іс бойынша тараптар бітімгершілік келісім жасасты. Олардың барлығы банктық заем және заңсыз комиссияларға қатысты істер болған. 359 іс бойынша медиативтік келісімдер бекітілген. Олар көбіне некені  бұзу, мәміле шартын жасасу, өзгерту, бұзу және шарттық міндеттемелерді орындау, қарызды өндіру, залалды өтеу, мүлікті бөлу және басқаларға қатысты болған.  Бір дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді. Келісімдердің басым көпшілігі істер соттың іс жүргізуіне қабылданбай тұрып бекітілген.

Кабинеттің жұмыс істегені жалпы соттың жұмысына оң әсерін тигізіп жатыр. Өйткені сотқа келген кезде тараптар эмоционалдық күйзеліс жағдайында болады. Ал судьялардың олардың проблемаларына назар аударып, оларға өз мүдделері мен тілектерін білдіру үшін теңдей мүмкіндік беруі халықтың сотқа деген сенімін арттыруға, азаматтардың өзін құқықтары қорғалған адам ретінде сезінуге, байыпты шешім қабылдауға септігін тигізеді.  

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі