Солтүстік Қазақстан облысының судьялары журналистердің сұрақтарына жауап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысты. Брифинг барысында 2016 жылы сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері таныстырылды. 

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақыт Қасейінов, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко қатысты.

Іс-шараны облыстық соттың төрағасы Е.Айтжанов ашты. Ол тілшілерге облыстық сотта жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты.

Е.Айтжанов жас судьялармен жүргізілетін жұмысқа жеке тоқталып өтті. Солтүстік Қазақстан облысының судьялық корпусының үштен бір бөлігін 5 жыл еңбек өтілі бар жас судьялар құрайды. Жас судьялардың жұмыс нәтижелерінің талдауы судьялардың жеткілікті білімдері бар, бірақ оларға жұмысты дұрыс ұйымдастыру, кәсіби біліктілігін арттыру бойынша тұрақты түрде жұмыс жасау қажет екендігін көрсетті. Аталған бағытта Оқу орталығының, Тәлімгерлер кеңесінің жұмысы жеке жоспарлар бойынша оқыту, сот процестерінің мониторингі, сот актілерін рецензиялау және әрбір судьяға практикалық көмек көрсету жолымен жандандырылады. Сонымен қатар, жас судьялардың кәсіби даярлығын жетілдіруге отставкадағы судьялар да көмек көрсетеді.    

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы В. Кириленко қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндады. Ол соттар жұмысы басымдықтарының бірі ретінде қылмыстық істерді қарау мерзімін қысқарту, істерді қысқартылған тәртіппен қарау болып табылатынын атап көрсетті. Айталық, өткен кезең ішінде облыс соттары қысқартылған тәртіппен 472 істі қарады.  

Бұған қоса, соттар 2016 жылы 757 қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты, соның ішінде 578-і немесе 27,5%-ы жәбірленушімен татуласу, соның ішінде 284-і немесе 13,3%-ы медиация тәртібінде өндірістен қысқартылған.

2016 жылы барлығы 2136 қылмыстық іс қаралды немесе бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда  21,3%-ға көп.  Ақтау үкімдерінің саны 2015 жылға қарағанда 13,3%-ға көбейген.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.Қасейінов азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларын баяндады. Ол 2016 жылы облыс соттары барлығы 23 871 азаматтық істі қарауды аяқтағанын атап айтты, бұл 2015 жылға қарағанда 2 458 іске артық, шешім шығарумен 12 607 іс қаралды.

Дауларды сотқа дейін реттеуге, атап айтқанда, татуластыру, медиация, партисипативтік рәсімге ерекше назар аударылады.

2016 жылы татуластыру рәсімін қолдана отырып 1 796 азаматтық іс қаралды немесе бұл барлық істердің 12,1%, алайда 2015 жылғы сәйкес мерзімі үшін тараптардың татуласуына байланысты 598 азаматтық істің іс жүргізуі аяқталды. Соңғы үш жыл бойы азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жақсарып келеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша азаматтық істерді қарайтын 20 аудандық және оған теңестірілген соттың 13-інің сот актілері өзгертілмеген және олардың күші жойылмаған.

Сөз сөйлеулерден кейін спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі