Қызылордада облыстық сот судьялары Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет және облыстық соттың баспасөз қызметін үйлестіруші судьялары Шолпан Маликова мен Артур Наримов Қызылорда облысы соттарының 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстарын таныстыру бойынша БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.

Спикерлердің ақпаратына сәйкес, 2016 жылдың 12 айында жергілікті соттарға 38 430 іс және 13 503 материал (соның ішінде 1 727 қылмыстық, 24 891 азаматтық, 11 812 әкімшілік іс) түскен.

2016 жылдың 12 айында 37 371 (соның ішінде 1 712 қылмыстық, 24 014 азаматтық, 11 645 әкімшілік іс) қаралған. Сонымен қатар, осы аралықта 13 663 материал (соның ішінде 2 801 қылмыстық, 10 862 азаматтық іс бойынша) қаралған. Медиация тәртібімен 335 қылмыстық және 485 азаматтық, 86 әкімшілік іс, партисипативтік рәсім қолданылып, 14 азаматтық іс қаралған.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет жаңадан қабылданған Судьялық әдеп кодексінің нормалары мен сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтарға тоқталып, биыл жарияланған Елбасының Жолдауын соттар өзара талқылап, орындауға міндеттелген тапсырмаларды жүзеге асыруға белсене кірісіп кеткенін және кәсіби міндеттерін орындамағаны үшін судьялардың жауапкершілігі жайлы атап өтті.

Іс-шара барысында Артур Наримов Қызылорда облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарда баспасөз қызметін үйлестіруші судьялар бекітіліп, бүгінгі күні БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып отырғанын атап көрсетті. Сонымен қатар, журналистер арасында жарияланатын «Сот репортері» байқауының талаптарын айтып өтті.

Брифинг соңында спикерлер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Пресс-служба Кызылординского областного суда