Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Е.Айтжанов Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша сөз сөйледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша орталық коммуникациялардың аймақтық қызметінде болған брифингте сөз сөйледі.

Тілшілердің алдында сөз сөйлеген Е.Айтжанов Мемлекет басшысы белгілі болғандай  2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына жылсайынғы жолдауымен сөз сөйлегенін атап өтті. Стратегиялық құжатта елдің жаңа кезеңдегі одан әрі дамуын нақты жүргізу баяндалған. Ол бес негізгі басым бағыттан тұрады. Мемлекет басшысы Жолдауда көрсетілген жеке әрбір басымдық бойынша нақты міндеттер қойды. Облыстық соттың төрағасы БАҚ-тың ерекше назарын бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске аудартты.

Ел Президенті жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруді тапсырды. Әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс. Кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізу жоспарлануда. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасы Президенті сот қауымдастығының алдында сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу міндетін қойды. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды. Нақты осы міндетті орындау біздің негізгі мақсатымыз болып табылады», - деп айтты Е.Айтжанов.

Іс-шараның соңында Е.Айтжанов тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі