Солтүстік Қазақстан облысының соты брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары VII съезінің қорытындылары бойынша журналистерді ақпараттандырып, 2016 жылғы 11 айдағы сот төрелігін іске асыру сапасының негізгі көрсеткіштері туралы сөз қозғады.

Аталмыш іс-шараның спикерлері ретінде облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов,  облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақыт Қасейінов, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Е.Айтжанов Елбасы судьялардың VII съезінде судьялар қауымдастығының алдына қойған міндеттер туралы баяндады.

Сонымен қатар съез делегаттары Судьялар әдебінің жаңа кодексін талқылап, бірауыздан қабылдағанын төраға журналистерге жеткізді. Жаңа кодексте  судьялардың кәсіби қызметтегі, қоғамдағы, жанұядағы және тұрмыстағы мінез-құлқының әдептік негізін реттемелейтін нормалар мен қағидалар қайта қаралды. Жаңа кодекс судьялар қауымдастығының әдептік қағидаларын көздейтін 15 баптан тұрады.

Е.Айтжанов атап өткеніндей, қазіргі таңда судьялар қауымдастығы  сот жүйесін  жетілдіруге, сөзсіз, жаңа серпін берген Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезінде Елбасы судьялар қауымдастығының алдына қойған міндеттерді жүзеге асыруға кірісті.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы В.А.Кириленко қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндап, соттар жұмысы басымдықтарының бірі ретінде қылмыстық істерді қарау мерзімін қысқарту, істерді қысқартылған тәртіппен қарау болып табылатынын атап көрсетті. Айталық, өткен кезең ішінде облыс соттары қысқартылған тәртіппен 418 іс  қарады, мұның өзі 21,4 % құрайды.

Бұған қоса барлық аяқталған істердің ішінен 533 қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды (27,3%).

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.Қасейінов азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру туралы баяндап, 2016 жылғы 11 ай ішінде  облыс соттары аяқталған азаматтық істердің 50-ден астам пайызы оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарағанын атап өтті. Дауларды сотқа дейін реттеуге, атап айтқанда татуластыру, медиация, республикамыз бойынша ең алғаш рет облысымызда қолданған партисипативтік рәсімге ерекше назар аударылады. Үстіміздегі жылдың 11 айында талап қою іс жүргізуінде аяқталған азаматтық істердің 1466-уы (15,2%) татуластыру рәсімін қолдана отырып қаралған. Бұл ретте бюджетке төленген 70 миллион теңгеге жуық мемлекеттік баж талап қоюшыларға кері қайтарылған. Соңғы үш жыл бойы азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру сапасы жақсарып келеді. 2016 жылғы 11 ай қорытындысы бойынша азаматтық істерді қарайтын 20 аудандық және оған теңестірілген соттың 13-нің сот актілері өзгертілмеген және олардың күші жойылмаған.

Сөз сөйлеулерден кейін спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі