Қостанай облыстық соты және «Сот репортерларының гильдиясы» Қоғамдық бірлестігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мергалиев бейне конференц байланысы арқылы онлайн режимде «Сот репортерларының гильдиясы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанна Байтеловамен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Сот төрағасы сот қызметін жариялаудың маңызды тұстарына назар аударды. Құжаттағы Меморандумның негізгі мақсаттарының бірі сот қызметі туралы тұрғындарды хабардар ету, азаматтардың сот процессінде  өз құқықтарын, еркіндігін және заңды мүдделерінқорғау бойынша белсенділігін арттыру, сот жүйесінің жұмысы туралы БАҚ-да ақпараттық жариялау сапасын жоғарылату, сот жүйесі мен қалың бұқара топтарының арасында тиімді диалог құру болып табылады.

«Сот репортерларының гильдиясы» ҚБтөрағасымен диалог барысында А. Мерғалиев сот жүйесінің қызметі туралы ақпараттық материалдардың сапасын арттыру сұрақтарын атап өтті.

Тараптар, Меморандумның шарттарымен келісіп, құжатқа қол қойып бекітті. 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі