Батыс Қазақстан облыстық сотының алқа төрағасы БҚО Ақжайық ауданының кәсіби емес медиаторларымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінің делегаты Бақытбек Бегалиев жұмыс сапарымен БҚО Акжайық ауданының екі сотында болып, ауылдық округтердің әкімдерімен және кәсіби емес медиаторлар кездесу өткізді.

Кездесуде облыстық соттың алқа төрағасы республика судьяларының VII съезінде Елбасының судьялар корпусының алдына қойған міндеттерін атап, медиация институтының дамуының өзектілігі мен тиімділігі туралы сөз қозғады. Кәсіби емес медиаторларына туындаған дауларды сот органдарына түскенге дейін, бітімгершілік рәсімдерін жүргізу арқылы бейбітшілік жолмен шешу мүмкіндіктері туралы баса айтты.

Ауданның екі сотының төрағалары медиация саласындағы өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум негізінде БҚО Ақжайық ауданының екі сотының соттылығына 18 ауылдық округ еніп, 18 медиация кабинеттері ашылып, барлық округтер бойынша тізілімге тіркелгенін 44 кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен 2016 жылдың 10 айында 60 азаматтық және 15 қылмыстық іс қаралғанын хабарлады.

Шара барысында облыстық соттың алқа төрағасы Б.Бегалиев медиаторлардың сұрақтарына жауап беріп, «дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша қатысушылар дауларды соттан тыс шешу бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, ұйғарымдар қабылдады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі